21 наурызда Павлодар облысында күн жылы болды
Өңірде тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -4...-9°C дейін төмендейді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы +1...+6°C. Жауын-шашынсыз. Оңтүстік пен шығыста тұман сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін жетеді.
Ал Павлодар қаласында түнде -5...-7°C болса, күндіз +2...+4°C болады деп болжануда. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.