20 жылдық өтілі бар: Қалқамандық өрт сөндірушіні мерекемен құттықтады

20 жылдық өтілі бар: Қалқамандық өрт сөндірушіні мерекемен құттықтады
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Барлық ардагерлерге тілектер айтылып, азық-түлік себеттері ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар гарнизонының басшылығы мен Ардагерлер кеңесі облыстың Өртке қарсы қызметінің бастауында тұрған өз ардагерлеріне барды.

Солардың бірі – Қалқаман кентінің әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде 26 жыл радиотелефоншы болып жұмыс істеген Ольга Величко. 

Ардагер өзінің қызмет еткен жылдарын жылулықпен еске алады, оның әр күні жауапкершілік пен адалдыққа толы болды. Өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеу одан зейінділікті, қырағылықты және әртүрлі жағдайларға тез әрекет ету қабілетін қажет етті, – деді ведомствода.

Облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амрин ардагерлердің адамдарды от апатынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғау ісіне қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.

Еңбек ардагерлерінің осындай кездесулері мен құттықтаулары ұрпақтар байланысын нығайтуда және үлкендерге құрмет көрсету дәстүрлерін сақтауда маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кетейік, өңір аумағында жетпіс жастан асқан 97 азаматтық қорғау ардагері бар. Департамент пен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері барлығын мерекемен құттықтап, денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ өмір тілеп, азық-түлік себеттерін ұсынды. 

Ардагерлер өз кезегінде қызмет өткеру туралы естеліктерімен қуанышпен бөлісіп, көрсетілген құрмет және қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)