21 ақпанда Павлодар облысында боран болады

21 ақпанда Павлодар облысында боран болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде де қар жауады. 

Өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды. 

Түнде -15...-20, облыстың батысында  -23, күндіз  -5...-10 градус аяз  болады.