Павлодарлық сот зейнеткерге жер учаскесін қайтарды

Әйел көршісінің заңсыз әрекеттеріне шағым түсірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1980 жылдың тамыз айынан бастап талап қоюшы Е.-нің отбасы – Павлодар қаласы Иса Байзақов көшесінде орналасқан жалпы пайдаланудағы ауданы 600 шаршы метр жер учаскесі бар үйдің иесі.
Павлодар қаласы әкімдігінің 2006 жылғы қаулысымен әйелге жеке тұрғын үй құрылысын салу және күтіп ұстау үшін 0,0369 га. жер учаскесі беріліп, кадастрлық нөмір белгіленіп, жер учаскесіне жеке ортақ үлестік меншік құқығына актісі берілген.
1990 жылдың сәуір айында сыйға тарту актісімен мүдделі тұлға Н., Е.-нің үйінің қасында орналасқан, 738 шаршы метр жер учаскесінде орналасқан тұрғын үйге меншік құқығына ие болды.
Сот шешімімен Н.-ның тұрғын үйге меншік құқығының заңды фактісі анықталды. Одан әрі соңғысының өтініші бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-мен жалпы ауданы 0,0864 жер учаскесіне оған Е.-нің жер учаскесі енгізілген жерге орналастыру жобасын әзірледі.
«Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен Н.-ға тиесілі тұрғын үйге қызмет көрсету үшін Иса Байзақов көшесі мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,0720 га (құжаттар бойынша 0,0864 га) жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілді.
Оған нақты Е.-ге тиесілі жер учаскесі енген, жаңа кадастрлық нөмір беріліп, Е.-ге тиесілі жер учаскесінің кадастрлық нөмірі жойылды.
Жауапкерлердің әрекетімен келіспеген азаматша Е., Бөлімнің бұйрығын жарамсыз деп тану және КЕАҚ-да тіркеудің күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Өйткені бұл жер учаскесі ортақ үлестік меншік объектісі болып табылады.
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен әкімшілік талап қою қанағаттандырылды.
Мүдделі Н., сот шешімімен келіспей, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарумен апелляциялық шағым түсірді.
Істі қарау кезінде алқа жауапкерлердің жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында жер учаскесінің шекарасын реттеу жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту және оны кейіннен талап қоюшының құқығын есепке алмай ресімдеу кезіндегі әрекеттері талап қоюшының жер учаскесіне меншік құқығынан айыруға әкеп соқты деген қорытындыға келді.
Соттың шешімі заңды және өзгеріссіз қалдырылды.
Сондай-ақ, Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы КЕАҚ мен «Жер қатынастары бөліміне» тиісті шаралар қабылдау және алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу туралы екі жеке ұйғарым шығарды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.