21 тамызда Павлодар облысында дауыл күтіледі

21 тамызда Павлодар облысында дауыл күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде жаңбыр, найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Сынап бағанасы күндіз +25...+30 °C-ты көрсетеді.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз +27...+29 °C-қа дейін көтеріледі.