Павлодарлық оқушылар күзгі каникулда бір апта демалады
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, күзгі каникул кезеңі 28 қазанда басталып, 3 қарашаға дейін жеті күнге созылады.
Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
- «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
- «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
- Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі;
- «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.