22 мамырда Павлодар облысының аспанын бұлт торлайды
Күндіз сынап бағанасы ...+15°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы 0...+5°C, батыста және солтүстікте 3°C салқын болуы мүмкін. Жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз +10...+15°C жылы болады. Жауын-шашынсыз.
Желдің екпіні секундына 7-12 метрге дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде +3...+5°C, ал күндіз +12...+14°C дейін жылы болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.