23 ақпанда Павлодар облысында қар жауады
Өңірде боран күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -12…-17°C, облыстың батысында -20°C дейін төмендейді. Қар жауып, боран соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар күтіледі. Ал аймақтың батысын, солтүстігін және шығысын тұман торлайды. Күндіз -12…-17°C, батыста -20°C аяқ күтілуде. Қар жауып, боран соғады.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар қаласында түнде және күндіз -12…-14°C. Ауа райы бұлтты, қар жауып, боран соғады.