Екібастұз МАЭС-2 станциясын жаңғырту кезінде бір миллиард теңге жымқырылды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында үшінші энергоблокты орнатумен жылу-электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады.
Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен бір миллиард теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мәнжайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.