23 сәуірде Павлодар облысында күн ысиды

23 сәуірде Павлодар облысында күн ысиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде +3...+8, күндіз +22...+27 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, таңертең және түстен кейін облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, күндіз күн күркірейді. 

Түнде және таңертең оңтүстікте аймақта тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды. 

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +4...+6, күндіз +24...+26 градус көрсетеді.