23 шілдеде Павлодар қаласының екі аумағында су беру уақытша тоқтатылады

«Павлодар-Водоканал» тұрғындарды су жинап алуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 174 мекенжайында орналасқан «Завод промышленных сит ПМК» ЖШС ысырманы ауыстыру және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты Әкімшілік қалашықтағы 19, 40 және 40/2 үйлерінде сумен қамту уақытша тоқтатылады.
Сол күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Астана көшесі, 7/1 мекенжайында жапқыш арматураны ауыстыру жоспарланған. Бұл жұмыстар кезінде Ак. Сәтбаев көшесі, 40, Лермонтов көшесі, 44 және Астана көшесі, 7/1, 7/2, 53, 55 мекенжайларындағы тұрғын үйлерде де су беру шектеледі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарды алдын ала су жинап алуға шақырады.