Баянауыл ауданында «Жан серігім – домбыра» атты байқау жарияланды

Оған ауданның 12-35 аралығындағы жастары қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері – өнерлі, күйші жастардың шеберлігін насихаттау, жас таланттардың патриоттық сезімін ояту, дәстүрлі өнерді дәріптеу, ұлттық мәдениетті насихаттау және домбыра шерту шеберлігін арттыру.
– Үздік деп танылған жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады, – дейді Баянауыл ауданы жастар орталығының директоры Ренат Ильдин.
Байқау қорытындысы әлеуметтік желіде және БАҚ беттерінде жарияланады.
Домбырада табиғат аясында, ұлттық нақыштағы безендірілген тағы басқа орындарда креативті бір күй немесе бір ән орындап, сапалы бейнероликті 8(708)1997014, 8(705)4559052, 8(771)2640233 ватсап нөмірлеріне жолдау қажет.