«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ былтыр атқарған жұмысын қорытындылады
Есеп реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы деректер және қызмет перспективалары туралы ақпаратты қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ЕЭК» АҚ тұтынушылар мен мүдделі тараптар үшін жүргізілетін реттелетін қызмет туралы егжей-тегжейлі есептерді жариялады. Аталмыш есептерде кәсіпорында бір жыл ішінде белгіленген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың қалай іске асырылғандығы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі стандарттары сақталғандығы туралы ақпарат бар.
Айта кетейік, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ құрамына «Восточный» көмір разрезі мен Ақсу электр станциясы кіреді. Ол Қазақстандағы көмір мен электр энергиясын жетекші жеткізушілердің бірі болып табылады.