23 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады

23 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады
Фото: pexels.com/David Dibert

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы -3...-8 °C-қа дейін төмендейді. Облыстың батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз -4...-6 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.