24 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады

24 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше түнде ауа температурасы +2...+7°C, облыстың солтүстігінде -1°C болады. Күндіз де ауа температурасы +2...+7°C, солтүстігінде -1°C шамасында сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Жауын-шашын, негізінен жаңбыр түрінде болады.

Павлодар қаласында түнде және күндіз ауа температурасы +3...+5°C болады. Аспан бұлтты, жаңбыр жауып, тұман түседі.