Павлодар облысының оқушылары ерекше сағат ойлап тапты (ВИДЕО)
Розовка мектебінің өнертапқыштары сағатты голограмма түрінде жасап шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, жас дарындар Павлодар облысының 95 жылдығына арналған «Rozovka sagaty» мектеп жобасын ұсынды.
Жобаға мектеп оқушыларымен бірге инженер Александр Андриенко мен мектеп директоры Данат Нұршанов жетекшілік етті.
Голограмма түрінде жасалған сағаттарды небары бір жарым айда құрастырған. Дегенмен жас құрастырушылар оны бұдан да аз уақытта жасап шығуға болатынын айтады.
Сағат-голограмманы жасау идеясын Жанат Нұршанов Александр Андриенкомен бөлісіп, оған барынша қолдау білдірген. Инженердің айтуынша, жобаны іске асыру үшін әуелі интернетте ұқсас жобаларды қарап шыққан. Атап өтерлігі, бұл жобаның ерекшелігі мұнда қозғалтқыш орталықтан шетіне ауысады, айналмалы элемент шкивтер мен резеңке белбеу арқылы беріледі. Платформа білікке орнатылған, ал білік өз кезегінде екі мойынтірекке бекітілген. “Rozovka sagaty” жасау үшін әртүрлі материалдар, соның ішінде электроника мен пластиклар қолданылған.
- Сағат толығымен электронды толтырудан тұрады. Бұл тік саңылаумен орнатылған 10 жарық диоды бар. Әрі олардың арасы бір жарым миллиметр. Құрылғы Arduino Nano көмегімен басқарылады. Сондай-ақ, электроника мен жарықдиодты платформаның белдік берілісі арқылы айналатын қозғалтқыш бар. Сонымен қатар, платформа білігіне арналған екі мойынтірек бар. Жобаны жасау үшін біз Pla және PETG пластиктерін қолдандық. Барлығы өздігінен имитацияланған жобалар бойынша 3D принтерде басылған. Модельдеу үшін Autodesk компаниясының Tinkercad онлайн платформасы пайдаланылды, - деді Александр Анатольевич.
Өз кезегінде, өнертапқыштар сағаттың қуат жүйесіне басты назар аударған. "Rozovka sagaty" желімен әрі батареялармен де жұмыс істейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram