Павлодарда ауыл шаруашылығының дәстүрлі жәрмеңкесі өтпейді
Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді.
- Алдын ала болжам бойынша күн райының сууына яғни сенбі күні күтілген қатты аязға (-27…-30 °C) байланысты, 24 қаңтарға жоспарланған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілмейді. Дәстүрлі жәрмеңкені өткізу ауа райы жағдайы тұрақтанғаннан кейін қайта жалғасады, - делінген хабарламада.
Басқарма берген ақпаратта алдағы уақытта жәрмеңке өтетін күн қосымша хабарланатыны айтылған. Әрі тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.