24 желтоқсанда Павлодар облысында бұрқасын болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы -2...-7 °C-қа дейін төмендейді. Облыстың батысында, солтүстінде аздаған қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы күндіз -3...-5 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, аздаған қар, жолдарда көктайғақ болады.