24 қарашада Павлодар облысында көктайғақ күтілуде

24 қарашада Павлодар облысында көктайғақ күтілуде
Фото Константин Шелков

Төтеншеліктер аймақ тұрғындарына абай болуды ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ және аймақтың батысы мен  оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Сонымен қатар, батыстан, оңтүстіктен оңтүстік-батыстан күші 15-20, екпіні 25 м/с болатын жел соғады.

Ал Павлодар қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады деп болжануда.