Павлодарлық әйел алаяқтық жолмен 100 миллион теңгеге байыған

Павлодарлық әйел алаяқтық жолмен 100 миллион теңгеге байыған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтарды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

– Полицияға бірден облыстың бірнеше тұрғыны бір адамға қатысты алаяқтық туралы мәлімдеді. Барлық жәбірленушілер өздерінің таныстары бизнесті дамыту сылтауымен сенімін асыра пайдаланып, оған қолма-қол ақша беруін сұрағанын айтты,– деді департаменнтте.

Алайда, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қарыз қайтарылмаған соң, жәбірленушілер полициядан көмек сұраған. Залал сомасы 100 миллион теңгеден асты. Алаяқтық бойынша күдікті әйел ұсталды. Оның өңір аумағындағы басқа да осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан облыс аумағында 169 алаяқтық тіркелген.

Полиция жазаның бұлтартпаушылығы және заң мен тәртіпті сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін, оларды кім жасағанына қарамастан, бейтарап тергеуге міндетті.