Баянауылда таудан түсе алмаған адамға құтқарушылар көмектесті

Баянауылда таудан түсе алмаған адамға құтқарушылар көмектесті
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Ол аяғын  жарақаттап алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 мамырда сағат 18-30-да Баянауыл ауданының 101 пультіне Жасыбай демалыс аймағында "Ақбет" тауынан түсу кезінде бір ер адам аяғын жарақаттап алғаны жөнінде көмек сұрағаны туралы хабарлама түскен.

- Павлодар облысы ТЖ департаментінің бес қызметкері, сондай-ақ Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері және 103 қызметі, жолсілтеуші дереу құтқару жұмыстарына аттанды, - деді департаментте.

Өрт сөндірушілер шамамен сағат 20.15-те Торайғыр ауылынан бес шақырым жерде Ақбет тауының етегінде 350 метр биіктіктен азаматты тауып,  алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұдан кейін зембілдің көмегімен биіктіктен төмен түсіріп, сағат 21.30-да 103-ке қызметіне тапсырды.