25 тамызда түнде Павлодар облысында жаңбыр жауады

25 тамызда түнде Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Оңтүстік, шығыста, облыстың орталығында күн күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде шығыста, облыстың орталығында қатты жаңбыр жауады, күндіз оңтүстік, шығыста, облыстың орталығында жаңбыр күтіледі. 

Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м /с құрайды. Ауа температурасы түнде +13...+18, облыстың солтүстігінде күндіз +15...+20 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, түнде және таңертең жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +14...+16, күндіз +18...+20 градус ыстық болады.