Павлодарда ыстық су қашан қосылатыны белгілі болды

Павлодарда ыстық су қашан қосылатыны белгілі болды
Фото: Константин Шелков

Ақаулар бір ай ішінде толықтай жойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Хасар Хабылбековтің пайымдауынша, гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақаулар бір ай ішінде толық жойылып, тұрғындар ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Аталмыш мәселе – өңір басшысының тікелей бақылауында.

21 сәуірден бастап шаһардың солтүстік жылу желілері ауданында гидравликалық сынақтар басталды. Қазіргі уақытта анықталған зақымдарды жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандардың мәліметінше, алдағы аптада солтүстік желілік аудан бойынша ыстық суға қосылатын тұрғын үйлердің нақты тізімі жарияланады.

Айта кетейік, солтүстік желілердегі сынақтар толық аяқталғаннан кейін, жөндеу және тексеру жұмыстары қаланың оңтүстік ауданына ауыстырылады.