26 ақпанда Павлодар облысында жаңбыр аралас қар жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін, облыстың батысыңда, оңтүстігінде 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбіде өңірдің батысында, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы -3...+2, облыстың шығысында -6 °C суық болады.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы күндіз -4...-6 °C-ты көрсетеді.