26 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

26 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз сынап бағанасы +25...+30°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

 «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +10...+15°C, жауын-шашынсыз болады. Күндіз +25...+30°C дейін жылынады. Облыстың батысында +22°C күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +9...+11°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +26...+28°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр және найзағай болады.