27 қарашада Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында желдің екпіні 23–28 метрге дейін, кей уақытта екпіні 30 метрге жетіп, одан да жоғары болуы ықтимал, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыста түнде ауа температурасы 0…+5°C, күндіз +2…+7°C болады. Күн бұлтты болып, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін.
Павлодар қаласында түнде және күндіз ауа температурасы 0…+2°C шамасында болады. Қалада бұлтты, жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
