27 қарашада Павлодар облысында көктайғақ болады.
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде ауа температурасы -2...+3 °C болады. Облыстың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы 0...+2 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады.