Павлодарда жас жұптарға арналған бачата кеші өтеді

Павлодарда жас жұптарға арналған бачата кеші өтеді
Фото: Константин Шелков

Шара барысында шеберлер би билеуді үйретеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы 18 шілде күні 18:00-де жас жұптарға арналған бачата кешіне шақырады. Кешті орталық «El Paso» ересектерге арналған би студиясының директоры және оқытушысы Марина Шушунковамен бірге ұйымдастырмақ. 

Аталмыш кеште қозғалыс арқылы эмоцияларды ашуға көмектесетін би сабақтарына қатысып, серіктесіңізбен эмоционалды байланысты нығайту арқылы билеуді үйренуге болады.