Павлодар облысында мектеп жөндеуге 10 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді
Бүгінгі таңда қойылған кестеден үш мектептің жөндеу жұмыстары кешігуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Павлодар облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында облыстық білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина мәлімдеді.
– Алғашқы күрделі жұмыстары басталған күннен бастап арнайы кесте құрылды. Әрбір мектептің жанында ата-аналардан құралған жеке қоғамдық бақылау жасақталған болатын. Сол ата-аналармен бірлесіп бүгінгі күнде қадағалап жатырмыз, – дейді Самал Айтқазина.
Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы үш мектептің кестеден қалып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл мектептер – Шарбақты ауданындағы Жаңа ауыл, Хмельницкое ауылдарындағы мектептер және Павлолар қаласындағы №5 мектеп. Облыс әкімі Асайын Байханов демалыс күндері кестеден қалып келе жатқан мектептерді аралап, бақылап шығуды жүктеді.
Сонымен қатар, аппараттық жиналыста салынып жатқан мектептер жайлы сөз қозғалды.
– Моисеевка, Сычевка, Қаражар ауылдарында жаңа мектептер салынуда. Моисеевка мен Қаражарда бүгінгі күні құрылыстың екінші қабаты аяқталып жатса, Сычевка метебінде бірінші қабатыда көтерілмеген, – дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Бұл сауалға Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко ауданындағы салынып жатқан мектептің кешіктіріліп жатқанын мердігерден көрді.
– Бүгінгі таңда бұл метептің салынуына керек барлық құрал-жабдық бар, жұмысшылар да толық. Жақын уақытта құрылыс мерзімін үлкейтпекпіз, – дейді Николай Дычко.
Облыс әкімі Сычевка мектебінің мердігері мен Павлодар ауданының әкімін облыс орталығына шақырып, бұл мәселені қарастыруды ұсынды.