27 мамырда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады

27 мамырда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетеді. 

Облыс бойынша түнде температура +5...+10°C көрсетеді, жаңбыр жауады. Күндіз +10...+15°C, облыстың оңтүстігінде +18°C болады. Облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодарда түнде +5...+7°C, күндіз + 11...+13°C, бұлтты болады, жаңбыр күтіледі.