Павлодар облысында маневр ережесін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты

Павлодар облысында маневр ережесін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Жыл басынан бері аталмыш ережені сақтамағандар саны 500-ге жуықтаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің тұрақты профилактикалық жұмыстарына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатындардың бірі маневр жасау ережелерін орындамау болып отыр. Жыл басынан бері 450 жүргізуші осы талапты сақтамағаны үшін жауапқа тартылған. 

– Көптеген жүргізушілер кейде бағыт беру шамын қосуды ұмытып кетеді немесе бұрылыс жасау кезінде көрсеткішті пайдаланбайды. Мұндай құқық бұзушылықтар үлкен өкінішке алып келетінін ешкім ескермейді, – дейді тәртіп сақшылары. 

Мысалы, Павлодар қаласында Құдайбердиев көшесінде Лада Приора маркалы автокөліктің жүргізушісі оңға бұрылу кезінде бағыт беру шамын қоспаған. Сол сияқты Тойота Карина автокөлігінің жүргізушісі де осындай қателікке жол берген. 

Мұндай әрекеттер жолда апаттық жағдайлардың туындауына себеп болады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізу ережелерін сақтау үшін бағыт беру шамын әрдайым бағыт өзгерткенде қолдану ұсынылады. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, автокөліктің қозғалысын тұрақты әрі қауіпсіз жүргізуге көмектеседі.