27 тамызда Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +9...+14°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +27...+32°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды.
Павлодар қаласында түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C болады. Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын күтілмейді.