27 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі

27 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, өңірде түнде ауа температурасы +8...+13°C, күндіз +16...+21°C құрайды. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тұман түседі.