Павлодарлық полицейлер патриоттық флешмоб өткізді

Облыстық полиция ведмствосында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай акция басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Полицейлер әскери қызметшілермен бірге «Жеңіске 80 жыл» акциясы аясында Batyr Mall ойын-сауық орталығында оркестрмен соғыс жылдарындағы әндерге флешмоб өткізді. Сахнада полиция қызметкерлері қатысушыларға патриоттық әндер орындады.
Бір сәтте келушілер соғыс жылдарымен байланысты әндерді шырқап, шығармалардың сөздерін бірге айтып, әндетті. Музыкалық шығармаларды орындау әркімнің жанына әсер етті, тыңдаушылар көз жасын ұстай алмады.
– Бүгінгі флешмобты біз 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арнаймыз, осылайша жастарымыз бүгінде әлемде өмір сүріп жатқан аталарымызды есте сақтап, білсін. Аталарымыз Отанымызды қорғап, біз үшін өз өмірлері мен денсаулықтарын құрбан етті, біз еске алып, батырларға тағзым етеміз, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ренат Киреев.
Қатысқан адамдар полицейлер мен оркестрге күтпеген іс-шара үшін алғыс айтты.
– Көз жасымды ұстай алмадым, сезімімді оятты. Дауыстары да өте әдемі. Менің атам да, әжем де соғысқа қатысқан, басынан аяғына дейін күрескен. Біздің отбасымыздағы Жеңіс күні – қасиетті мереке. Биыл біз тағы да жиналып, батырларымызды еске аламыз, – деп бөлісті павлодарлық тұрғын Иван Сергеевич.
Флешмоб соңында іс-шараны өткізуге көмектескені үшін алғыс ретінде облыстық полиция департаменті басшылығының атынан Batyr Mall КСО директорына алғыс хат табыс етілді.