28 қазанда Павлодар облысында тұман түсіп, күн бұлтты болады
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы 0...+5°C, солтүстігінде -3°C болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы +4...+9°C аралығында болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман сақталады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0...+2°C болады. Аспанды ала бұлт торлап, жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +7...+9°C-қа дейін көтеріледі. Аспан ала бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді.