Павлодарлық борышкерлерден миллион теңгеден астам қаражат өндірілді
500-ге жуық адамға берешектері туралы ескертілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында Павлодар қаласының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
- Алғашқы күні полицейлер тұрғындардан миллион теңгеден астам ақша өндіріп алды. Сонымен қатар, мамандандырылған автотұраққа 3 көлік қойылды. Бұдан бөлек, 500-ге жуық адамға берешектері туралы хабарланды. Бұл дегеніміз, барлық құқық бұзушылар өздерінің бұзушылықтарының ұмытылмағанына және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмей, көлік құралдарын бұдан әрі мұқият жүргізетіндеріне көз жеткізді, - деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Спикер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл арқалаушы сол сәттен бастап 7 күн ішінде төлесе оған 50% жеңілдік бар екенін еске салды. Азаматтар өз айыппұлдарын электронды үкімет порталында онлайн режимінде тексеріп, төлей алады.