Павлодарда мопед мінген зейнеткер мен автокөлік соқтығысты
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мопед жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні сағат 18.50 шамасында Малайсары батыр - Жібек жолы көшелерінің қиылысында ВАЗ 21074 маркалы көлік құралы мен мопед соқтығысқан.
– ВАЗ автокөлігі айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, – деді департаментте.
Облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту кеше сағат 18:59-да түсіп, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына екі минутта жеткенін хабарлады.
Зардап шеккен 74 жастағы ер адамда көгеру мен түрлі жарақаттар тіркелді. Зейнеткер Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жіберілді.