29 қарашада Павлодар облысында қар жауып, боран соғады

29 қарашада Павлодар облысында қар жауып, боран соғады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Жел солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы −5…−10°C, күндіз −3…−8°C болады. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, боран соғады. 

Павлодар қаласында түнде −7…−9°C, күндіз −3…−5°C болады. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы болжанады.