Павлодар облысында осы аптада қар жауып, боран болады

Павлодар облысында осы аптада қар жауып, боран болады
Фото: Константин Шелков

Облыстың басым бөлігінде аздаған қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 29 қаңтарда күндіз ауа температурасы -15...-20°С суық болады. 

30 қаңтарда облыстың шығысында аздаған қар жауады. Сынап бағанасы түнде -20...-25°С, ал күндіз -13...-18°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін соғады. 

31 қаңтарда боран соғып, қар түседі. Ауа температурасы түнде -20...-25°С, күндіз -13...-18°С болады. 

Ақпанның алғашқы күнінде қар жауып, боран соғады деп болжануда. Сынап бағанасы түнде -13...-18°С, күндіз -8...-13°С-ты көрсетеді. 

2 ақпанда боран соғады. Ауа температурасы түнде -13...-18°С, күндіз -8...-13°С болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады. 

Сенбіде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -18...-23°С, ал күндіз -10...-15°С көрсетеді.

Жексенбіде күн жылынады. Түнде -13...-18°С, ал күндіз -5...-10°С болады.