30 желтоқсанда Павлодар облысында боран соғады

30 желтоқсанда Павлодар облысында боран соғады
Фото: Константин Шелков

Облыстың солтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сенбіде күндіз ауа температурасы -2…-7 градус суық болады. Павлодарда бұрқасын күтілуде. Сынап бағанасы -3…-5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде екпіні 23 метрге дейін жетеді.