Павлодарда 30-ға жуық үйде су қысымы төмендеді
Уақытша ыңғайсыздық кешке дейін созылуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 30 тамыз күні сағат 8.30-да су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізу барысында Лермонтов көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында ақау анықталған.
– Коммуналдық қызметтер жөндеуге кірісті. Қала әкімі апат орын алған жерде, – деп жазылған хабарламада.
Лермонтов-Қайырбаев-Бұқар жырау-Назарбаев көшелері алаңындағы 30-ға жуық үйде су қысымы төмендеді
Болжам бойынша сағат 18.00 шамасында су беру қалпына келтіріледі.