4 наурызда Павлодар облысында боран болады

4 наурызда Павлодар облысында боран болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде боран болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, күндіз батыста, оңтүстікте екпіні 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде  -10..-15, облыстың оңтүстігінде  -7, күндіз  -5...-10, облыстың оңтүстігінде -2 градус күтіледі. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз қар жауады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Сынап бағанасы түнде  -12..-14, күндіз  -5...-7 градус көрсетеді.