Жылу бойынша Екібастұздағы жағдай Павлодар қаласында қайталануы мүмкін емес – сарапшы пікірі
Павлодар қаласындағы жылу желілерін тексеруге қатысқан «Севказэнергопром» ЖШС басшысы Владимир Пешков Павлодарда жылу желісінде ақау шықса, Екібастұздағыдай жағдай орын алуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Екібастұзда жылу беретін бір ғана кәсіпорын бар. Павлодарда үш кәсіпорын жылу береді. Бізде көп жүйе бір-бірімен байланысқан. Павлодарда кең ауқымды апат кезінде жылумен қамтитын үш суды химиялық тазарту цехы бар. Сондықтан Павлодарда Екібастұздағыдай проблема болуы мүмкін емес, – деді Владимир Пешков.
Ол бұған дейін мұндай жағдайды Павлодар қаласы да өткергенін айтты. 2018 жылы «Артур» сауда үйі маңында 10-ЖМ желісінде 800 мм диаметрлі құбыр жарылған.
– Ақау шыққан жерді бірнеше күн іздеді. Екі күнде қала жылу жетіспеушілігін сезінбеді. Сол маңдағы үйлер ғана салқындап кетті. 2021 жылы 1-ЖЭО-да құбыр жарылды. ЖЭО тоқтап қалған болатын. Онда да жылу жетіспеушілігі сезілмеді. 2003 жылы да қаңтар айында 1-ЖЭО-да өрт шықты. Станция үш күн бойы толық тоқтатылды. Далада 19-20 градус болатын. Қалада аз ғана жылу жетіспеушілігі байқалды. Сондықтан Екібастұздағыдай қаланың көп бөлігі жылусыз қалуы мүмкін емес, – деді Владимир Пешков.
Сонымен қатар, серіктестік басшылығы Павлодардағы жылу электр орталықтарының қазіргі жағдайлары жайлы айтып берді. Қаладағы ең жағдайы жақсысы – 3-ЖЭО. Мұнда соңғы 12 жылда №1-6 трубиналар ауыстырылды. Трубиналар жаңа деуге болады. Ішкі желілері де жаңартылды.
3-ЖЭО қосымша жүктемені қабылдай алады. Бұл қаладағы тірек станция болады.
– Ал, 2-ЖЭО 50-ші жылдары салынған. 2000 жылдары оның аумағында 4-ЖЭО салынады деп жоспарланған. Алайда, қазір ол жоспар өзгерді. 2-ЖЭО ресурсын ұлғайту арқылы жұмысын жалғастырады. Сондықтан 2-ЖЭО бойынша қауіп бар. Сол себепті мәселені шешудің нұсқалары қарастырылуда, – деді Владимир Пешков.
1-ЖЭО Алюминий зауытына тиесілі. Ол зауытты жылумен және бумен қамтамасыз етеді. Сондықтан зауыт жұмысына керек. Стацния қаржымен жақсы қамтылған. 1-ЖЭО жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.