5 ақпанда Павлодар облысында боран болады

5 ақпанда Павлодар облысында боран болады
Фото: pixabay.com

Облыстың солтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. 

Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде  -7...-12 градус, күндіз  -2...-7 градус, облыстың шығысында  -10 градус болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Сынап бағанасы түнде  -7...-9, күндіз  -3..-5 градус көрсетеді.