5 тамызда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі

5 тамызда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі
Фотт: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде сынап бағанасы күндіз +23…+28 градусты көрсетеді. Жаңбыр жауып, найзағай күркірейді.

Павлодарда да жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы +26…+28 градус жылы болады.