5000-ға жуық әскерді 100 офицер тәрбиелейді
Елдің әскери тәрбие құрылымына – 31 жыл, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
19 қаңтар Қазақстан Республикасы әскери тәрбие құрылымдарына 31 жыл. Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде тәрбиешінің рөлі айқын. Тәрбие құрылымы жеке құрам ішінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарының басты ұйымдастырушысы.
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 7 әскери бөлім болса, әр әскери бөлімде 30-ға жуық әскери тәрбиеші 1000-ға жуық жеке құрамның тәрбиесіне жауапты. Сонымен қатар әскери бөлім сапындағы әр сарбаз бен офицердің моральдық және жауынгерлік рухын күшейтуде ауқымды істер атқарып келеді.
– 31 жыл ішінде Ұлттық ұланның тәрбиешілер құрылымдарының офицерлері командирлерімен бірлесе отырып, әскери ұжымдарға жеке құрамның моральдық ахуалдық жағдайын жақсарту, әскери қызметтегі беделін арттыру, сондай-ақ әскери тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Осы орайда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие жұмысының офицерлері алдағы уақытта да жоғары кәсіби шеберліктерін, жеке құрамды тәрбиелеуде, олардың жауынгерлік рухын көтеру жолында алға қойылған міндеттерді мінсіз атқарады деген сенімдемін, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев.
Еске салайық, 1993 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы президентінің №1084 жарлығымен командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбсарларының институты құрылған болатын.