6 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Түнде желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, күндіз 9-14 метр болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -1...-6°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +7...+12°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -2...-4°C болады. Бұлтты, жауын-шашынсыз, тұманды ауа райы күтіледі. Күндіз +9...+11°C, бұлтты, жауын-шашынсыз болады.