6 наурызда Павлодар облысында боран болады

6 наурызда Павлодар облысында боран болады
Фото: Константин Шелков

Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қар жауады, боран соғады. 

Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде минус 7-12, облыстың оңтүстік-батысында 15, күндіз 3-8 градус көрсетеді.