Павлодар және Ақмола облыстарының жастары есірткіге қарсы телемостта бас қосты
Қатысушылар зиянды затпен күресу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өскелең ұрпақтың бойында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру және заңсыз айналыммен күрес саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері екі облыс жастарын біріктірген есірткіге қарсы телемост ұйымдастырды.
Онлайн кездесуге колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, құқық қорғау органдарының өкілдері, медицина мамандары, психологтар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сарапшылар есірткіні тұтыну мен таратудың зиянды салдары, сондай-ақ осы саладағы қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтып өтті.
– Телемостқа қатысушылар нашақорлық мәселесін белсенді түрде талқылап, өз көзқарастарымен бөлісті және өз орталарында есірткінің таралуына қарсы тұру жолдарын ұсынды. Талқылау барысында студенттер сұрақтар қойып, салауатты өмір салтын ұстану және қатарластарын деструктивті топтардың ықпалынан қорғау жөнінде кеңестермен алмасты, – деп атап өтті Павлодар облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға инспекторы Ирина Тимиргалиева.
Пікірталас барысында қатысушылар салауатты өмір салтын қолдау және жастарды теріс ықпалдан қорғау жолдары жөнінде өзара тәжірибе алмасты. Жастар антинаркотикалық насихатты күшейтуге бағытталған бірқатар бастамаларды, соның ішінде интерактивті іс-шаралар, тақырыптық флешмобтар ұйымдастыруды және әлеуметтік желілердегі жұмысты ұсынды.
Телемост жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.
Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар форматтарын кеңейіп, жаңа қатысушыларды тарта отырып, тұрақты негізде өткізіледі.