7 ақпанда Павлодар облысында бұрқасын болады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы -13...-18°C, облыстың батысында, солтүстігінде -21°C, облыстың оңтүстігінде -8 °C болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы күндіз -13...-15 °C-ты көрсетеді. Күн бұлтты, аздаған қар, жаяу бұрқасын болады.